«Ақмола облысының аумағында әлеуметтік желілер мен Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар Ақмола облысының төрт тұрғыны ұсталды.Ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша 300 г астам «PVP» (пиролидиновалерофенон) синтетикалық есірткісі, алынған заттардың қалдықтары бар ыдыстар, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттері, есірткі тұтынуға арналған құрылғылар және электронды таразы алынды», - делінген хабарламада.
ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті осы фактіні ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша СТБТ-ға тіркеді. Ұсталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.