Ұйым өкілдерінің айтуынша, аталған шешім кейбір препараттарға қол жетімділікті шектейтін БҰҰ-ның бірқатар конвенцияларына қарама-қайшы келіп отыр. Агенттік басшысы Раймонд Янс марихуананы пайдалану мен саудалауға қатысты заңнаманы жұмсартудың кез келген қадамдары қоғам денсаулығы үшін қауіпті қатер болып табылатындығын қадап айтты. Желтоқсанның аяғында Уругвай президенті Хосе Мухика марихуаннаны сату мен өсіру, пайдалануды толық заңдастыру туралы заңға қол қойды. Қабылданған заңға сәйкес, 18-ден асқан Уругвай азаматтарына дәріханаларда 40 грамға дейін марихауананы ермін-еркін сатып алуға, сондай-ақ өзі пайдалану үшін жылына бұл өсімдіктің алты түбін өсіруге мүмкіндік берілді.
17:45, 05 Наурыз 2014
Есірткіні заңдастырған мемлекеттер БҰҰ қаһарына ілікті
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның есірткіні қадағалау жөніндегі агенттігі марихуаннаны сату, өсіру және пайдалануды заңдастыру туралы Уругвай мен АҚШ-тың кейбір штаттары билігінің шешімін сынға алды.