Есірткіні жеткізу және сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат. «Бақыланған жеткізілім» тәсілі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру бөлімшесімен бірлесіп елорда аумағында есірткіні жеткізу және сатумен айналысқан құрамында сыған диаспорасының 3 адамы бар қылмыстық топты құрықтады,

деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

«В» есімді азаматшаның қылмыстық іс-әрекеттерін құжатттандыру кезінде оның тұрғылықты мекенжайы бойынша өзімен бірге тұратын туған-туысқандарынан қылмыстық топ ұйымдастырғаны анықталды, туысқандары оның басышлығымен заңсыз есірткі айналымымен айналысқан.

Жоғарыда көрсетілген тұлғаларға қатысты заңсыз есірткі айналымымен байланысты 5, оның 4-уі есірткі сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық топты жою кезінде тәркіленген «ақ өлімнің» жалпы салмағы 40 грамм героин болды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 259-баыб 3-бөлімі «а», «в»-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қ. ІІД Тергеу басқармасы тергеу жүргізуде.