Ескі Қалқұтан ауылында су деңгейі төмендеп келеді

Фото: Фото: Ақмола облысы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды аралау барысында Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылына барып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, азық-түлік дүкендерін тексерді.

Ескі Қалқұтан ауылы бірнеше өзен ағысы қосылатын жерде орналасқан, олар Бурабай, Сандықтау, Аршалы, Шортанды және Бұланды аудандарынан келеді. Биылғы жылы су тасқынының көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 1,5 есеге артты. Салдарынан ауылдың төменгі бөлігінде орналасқан жеке меншік үйлердің ауласы су астында қалды.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінен
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен

Жолдардың шайылуына байланысты ауылмен қатынас уақытша шектелді.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінен

Дегенмен аймақ басшысының айтуынша тұрғындарға қажетті барлық шара қабылданған.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінен

— Ауылда посттар орнатылып, қайықпен қатынас ұйымдастырылды. Елді мекенде азық-түлік, дәрі-дәрмек және ең қажетті заттардың жеткілікті қоры бар. Медициналық көмекке мұқтаж тұрғындар, оның ішінде жүкті әйелдер, қауіпсіз аймақтарға уақытылы эвакуацияланды. Бүгінгі таңда су деңгейі төмендеп, 20 сантиметрге азайды. Біз жағдайдың апта соңына дейін тұрақталуын күтеміз, — деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінен
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен

Өңір басшысының айтуынша, барлық күш-жігер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және болашақта туындауы мүмкін қауіптердің алдын алуға бағытталған. Су басқан үйлердің тұрғындарына көмек көрсетілетін болады.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінен
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен

Өткен жылы ауылда Колутон өзенінің арнасын кеңейту және тереңдету жұмыстары басталған. Қазіргі таңда 3,5 км қашықтықта жұмыстар жүргізілді. Өзеннің тереңдігі 4 метрге дейін, ал ені 18-ден 36 метрге дейін кеңейтілді.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінен

Ауылда облыс әкімі ғалымдар, гидрологтармен кездесті. Олардың айтуынша, салынған айналма арна Ескі Қалқұтан ауылына келетін су көлемін айтарлықтай азайтуға септігін тигізген. Бұл ауылдың тұрғын үйлерінің үлкен су басудан аман қалуына септігін тигізді. Сонымен қатар, гидрология және гидротехникалық құрылымдар саласының докторы, ЕҰУ профессоры Шерім Түлегенов өңірдегі өзендердің қозғалысын кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінен

— Жағдай қиын болды, су биыл өткен жылға қарағанда әлдеқайда көп келді, бірақ алғашқы күндерден бастап біз қолдау сезіндік. Бізге азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізіп, барлық ақпаратты уақытында берді. Егер айналма арна болмаса, барлық ауыл су астында қалар еді, — деді ауыл тұрғыны Сайран Есеева.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінен

— Әкімдік уақытында ескерту жасады, барлығымызға ескертулер таратылып, жиһазымызды көтеріп, малымызды эвакуациялауға көмектесті, — деді Сергей Селивано.

Су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда. Құтқару қызметтері, коммуналдық кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетелік Ақмоланың Ескі Колутон ауылында көлік қатынасы үзілгені туралы жазған едік.