«Біздің ардагерлеріміз біздің еліміз үшін және Еуропа мемлекеттері үшін бейбіт өмірді алып берді, біз болашақ ұрпақ үшін бейбіт аспанды қорғап, сақтауға тиіспіз», - деп атап өтті митингінің ашылуында сөз сөйлеген «Жас Отан» ЖК облыстық филиалының атқарушы хатшысы Руслан Рахымжанов. - Бүгін біз Еске алу күнін барлығымызды ортақ тарих пен ортақ Ұлы Жеңіс біріктіріп тұрған мәскеулік достарымызбен атап өтіп отырмыз».
Ардагерлер жастарға соғыс отынан аман келген майдангерлерге көрсеткен құрметі үшін алғыс айтты.
Митинг Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.