ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, 20 қазан күні басталған дода 25 қазанда өз мәресіне жетеді. Сондай-ақ, осы біріншілік аясында ересектер арасындағы Азия кубогы додасы да бірге өтіп жатыр.
Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін үш медаль олжалады.
23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдаркамен 1000 метрге жарысудан Александр Медведев 2-ші орын иеленді. Ал жасөспірімдер арасындағы дәл осы бәсекеде Кирилл Тубаев чемпион атанды.
Каноешілер сынында Алтынбек Қожахметке тең келер ешкім болған жоқ. Ол 1000 метрге жарысудан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атағына қол жеткізді.
ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі