ОРАЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласында мәреге жеткен 1995 жылы туылған және одан кішілер арасында байдарка мен каноэ есуден ел біріншілігінің жекелей сынында батысқазақстандықтар табысты өнер көрсетті.
Оралдағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын Андрей Ергучев байдарканы жалғыз есуден 3 бірдей алтын медальға қол жеткізді (500, 1000 және 3000 метр) және Алексей Овчинниковпен жұптасып есуден 2 бірдей алтын медальды қанжығаларына байлады.
Ал 4 адамдық ескек есуден №17 мектептің оқушысы Семен Осетров пен спорт мектеп-интернаттың түлегі Владислав Глазков 1000 метрлік қашықтықта көзге түсті. 200 метрге спринттік жарыстан Андрей Ергучев жалғыз есуден екінші орын, Алексей Овчинников екеуі жұптасып есуден екінші орын алды. Семен Осетров осы қашықтықта жалғыз есуден үшінші орынға көтерілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).