Сондай-ақ Дарья Разумович аталмыш біріншіліктің жеңімпазы әрі жүлдегері атанды.
Халықаралық турнир Шанхайда өтті. Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта жалпыкомандалық есете 1-ші орынды иеленді. Біздің ескекшілердің еншісінде 15 алтын, алты күміс және бес қола медаль. Екінші орында қытайлықтар, ал Өзбекстан құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты. Жарысқа 27 елден келген спортшылар қатысты.
Жалпыкомандалық жеңіске Қарағанды облысының спортшылары да өз үлестерін қосты. 25 жасар Владимир Петров қазақстандық төрттік құрамында 200,500 және 1000 (каноэ) метрлік қашықтықтарта жақсы өнер көрсетіп, үш мәрте Азия чемпионы атанды.
Дарья Разумович үш қазақстандық сопртшымен қоса 500 метрлік қашықтықта қылқайықпен өтіп, алтын медаль олжалады.Ол сондай-ақ Анастасия Березовскаямен бірге 200 метр қашықтықта өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді.
Владимир Петров 2004 жылдан бастап ескек есумен айналысады. Ол Қарағанды облысының жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде жаттықтырушы болып қызмет етеді. Жақында ғана 18 жасқа толған Дарья Разумович Азия чемпионының шәкірті.
- Ол келешегі бар спортшы, ескек есумен бес жыл айналысады,- дейді Владимир Петров. - Мен үшін жаттықтырушы ретінде Дарьяның жетістіктері басқа тәрбиеленушілерімнің арасында ең жоғарысы. Бұл тек бастамасы ғана деп ойлаймын. Шанхайда өткен чемпионат жақсы ұйымдастырылған. Меніңше, барлығымыз жақсы дайындалдық әрі тек қана алтынға көз тіктік. Және солай болғанына қуаныштымын. Сондай-ақ Дарьяның жетістіктері мені қуантты. Онымен біздің тек бір мақсатымыз бар - ол Азия ойындары -2018 және 2020 жылғы Олимпиада.