Ескек есуден ұлттық құраманың спортшылары Өзбекстанда дауыс берді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда жаттығып жатқан ескек есуден Қазақстан ұлттық құрама командасының спортшылары Ташкентте дауыс берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.  

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Қазақстандық ескекшілер осыдан бір ай бұрын Өзбекстанға оқу-жаттығуға келген. Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатқан 40-қа жуық спортшы және олардың жаттықтырушылары Ташкенттегі №431 учаскеде өз таңдауын жасады.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

— Біздің оқу-жаттығу жиындарымыз рефрендум уақытымен тұспа-тұс келді. Сәйкесінше, ұлттық құрама команданың мүшелері жиналып, өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдіріп жатырмыз, - деді есек есуден ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағанбетов.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Спортшылардың арасында референдумға алғаш рет қатысқандар да бар. Солардың бірі - Дінмұхамед Шынқожаев.

 

— Дауыс беру процесіне өмірімде тұңғыш рет қатысып тұрмын. Көңіл күйім көтеріңкі, бірақ үлкен жауапкершілікті сезініп тұрмын. Мен мұны азаматтық парызым деп санаймын, - деп пікір білдірді ұлттық құрама команданың спортшысы.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Еске салайық, Өзбекстан астанасындағы Қазақстан елшілігінде орналасқан референдум учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Келушілердің қарасы қалың.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ташкентте 755 қазақстандық дауыс береді.