Ескекші Мария Бровкова әлем чемпионатында тағы бір медаль жеңіп алды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстандық ескекші Мария Бровкова Италияның Ауронзо қаласында байдарка мен каноэдан жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: Елена Бровкованың жеке мұрағатынан
Спортшының анасы әрі жеке бапкері Елена Бровкованың мәлім еткеніндей, бүгін Мария 18 жасқа дейінгілер арасында бір адамдық каноэда 200 метр қашықтықта үздік үштікке ілікті.
Мажарстандық Агнес Кисс чемпион атанса, канадалық Элизавет Макартур күміс жүлдеге ие болды. Мария Бровковаға бұл жолы қола медаль бұйырды.
Сөйтіп, М.Бровкова осы біріншіліктің өзінде алтын, күміс және қола алды. Енді 5000 метрлік қашықтық қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық ескекші Мария Бровкованың тағы да әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Мария Бровкова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).