Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұxбатында Байдаркада және каноэде есуден Оңтүстік Қазақстан бойынша федерациясының президенті Денис Жәрменов мәлім етті.
«Емельянов ағайындарымен жұмыс жоспарлы түрде қолға алынды. Олардың мақсаты - Токио Олимпиадасында нәтиже көрсету. Байдаркада және каноэде есуден Оңтүстік Қазақстан бойынша федерациясы польшалық жаттықтырушымен келіссөздер жүргізген болатын. Келесі жылдан бастап, ол ағайынды Емельяновтарды жаттықтыра бастайды», - дейді Д. Жәрменов.
Оның айтуынша, Сергей бесінші әлем чемпионы атағын қос адамдық каноэде 1000 метрлік жарысында ағасы Тимофеймен бірге жеңіп алды.
Жастар арасындағы әлемдік дода Беларусь астанасы Минскіде өткен болатын. Оған 62 елден 1300 спортшы қатысты.
«Қазақстан тариxында алғаш рет отандық ескекшілер 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатынан жүлде алды. Сол кезде Сергей Емельяненко өзінің жүлделерін беске дейін жеткізіп, Қазақстанның ең титулды ескекшісі атанды», - деді ол.
17:11, 04 Тамыз 2016
Ескекші Сергей Емельяновты Токио Олимпиадасына польшалық маман дайындайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасөспірімдер мен жастар арасында байдаркада және каноэде есуден бес дүркін әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Сергей Емельяновты Қытайда екі Олимпиада чемпионын баптап шығарған атақты бапкер Марек Плоч жаттықтырмақ. Сонымен қатар, Сергейдің 23 жастағы ағасы Тимофей де поляктың қол астында тәрбиеленбек.