Ескектен республикалық жарыста астаналықтар топ жарды

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Байдаркамен және каноэмен есу жарысында командалық есепте астаналық оқушылар жеңімпаз атанды.

Бұл туралы astana.kz сайтына Ескек есу спорт түрлері федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Елорданың намысын қорғаған 27 спортшы жарыс барысында 927 ұпай жинап, үздік нәтижеге қол жеткізді.

Екінші орында 925 ұпаймен 28 спортшыдан құрылған Алматы қаласының командасы. Жезқазғандық 16 есуші 763 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.

Еске салайық, оқушылар арасындағы ел біріншілігіне еліміздің 12 өңірінен 170 спортшы қатысты.

Жарыс Алматы қаласының маңында орналасқан Бірінші мамыр көлінде өткізілді.