Әкесі мен анасының ауруханада жатқанын ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің «жағдайы тұрақты, нашарлау жоқ» - деген сөзі көп үміт және сенім береді», - деп жазды әншінің ұлы.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның жағдайы бүгінгі күні тұрақты.
Айта кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.