Ескерту: 12-16 желтоқсан аралығында Қазақстанның оңтүстігінде аяз болады
12 желтоқсан күні түнде Алматы, Жамбыл облыстарында 5-10, кейбір жерлерде 15-20 градус суық болады, облыстардың солтүстігінде ауаның температурасы 23-28 градусқа дейін төмендейді, Оңтүстік Қазақстан облысында 0-5 градус, кейбір жерлерде 9-14 градус суық болады, облыстың солтүстігінде 20 градусқа дейін суытады, Қызылорда облысында 15-20, кейбір жерлерде 10 градус аяз болады, облыстың батысында 25 градусқа дейін салқындайды.
13-16 желтоқсан аралығында түнде Алматы, Жамбыл облыстарында 10-15 градусқа дейін, кейбір жерлерде 23-27 градусқа дейін аяз болады, облыстардың солтүстігінде 30 градус аяз болуы ықтимал, Оңтүстік Қазақстан облысында 10-15, кейбір жерлерде 20-25 градус аяз болады, Қызылорда облысында сынап бағанасы 20-25 градусты, кейбір жерлерде 30 градус аязды көрсетеді.