Ескерту: 18-19 қаңтар күндері ШҚО-да қар көшкіні күтілуде

ӨСКЕМЕН. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - ШҚО-ның ТЖД бойынша департаменті қар жабындысының жоғары биіктігі мен тұрақсыз жағдайы және таулы аудандарда жалғасып отырған жауын-шашынға байланысты Шығыс Қазақстанда 18-19 қаңтар аралығында қар көшкіні күтіледі деп ескертеді.

ТЖ қызметтері тұрғындарға тауда абай болуға шақырады.