ЕСКЕРТУ: Ақмола облысында қазанның 3-4 күндері қатты жел тұрады
23:23, 02 Қазан 2015
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алдағы екі күнде қатты жел тұрады деп күтілуде.
Бұл туралы аймақтық ТЖД арнайы 112 телефон нөмірі арқылы смс хабарлама таратты.
Хабарламада «қазанның 3-4 күндері Ақмола облысы аумағында жылдамдығы секундына 25 метрге дейін қатты жел тұрады», деп көрсетілген.