КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алдағы екі күн бойы дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.
«23-24 наурыз күндері Ақмола облысы аумағында көктайғақ, боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде түнде 15-20 м/с, күндіз басым аймақтарда 15-20 м/с-тан 23-28-ге дейін жетеді", деп көрсетілген хабарламада.
Сонымен қатар, дауылды ескерту Астана қаласында да жарияланды. Осыған дейін хабарланғандай, ел астанасында 23-24 наурыз күндері желдің екпіні артып, көктайғақ болады деп күтілуде.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.