АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуінің негізінде Алматы облыстық ТЖ департаменті 17-20 ақпан аралығында Алматы облысында ауа температурасы көтеріліп, күн жылынатынын, осыған байланысты қар еритінін еске салады. Осылайша қызыл су сай-саламен ағып, мұз құрсаулары әлсірейді» делінген хабарламада.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.