ЕСКЕРТУ: Алматы облысында күннің қатты ысуына байланысты таулы өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін
07:42, 11 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 маусым күні күндіз Алматы облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық (+41 градусқа дейін) болады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, ведомствоның хабарлауынша, 10-13 маусым аралығында жоғары температураға және қарқынды қар еруіне байланысты Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі, жекелеген өзендерде су тасқыны және су жайылуы ықтимал.