ЕСКЕРТУ: Астана мен Ақмола облысында бұрқасын болады
07:43, 22 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖ Комитеті Астана мен Ақмола облысында ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 22 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20, екпіні 25 м/с дейін жетеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Астанада 22 қазанда кей уақыттта жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с дейін жетеді