АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана және Ақмола облысында дауыл соғатындығы ескертілді. Бұл туралы ҚР ІІД ТЖ комитетінің ресми сайтында хабарланды.
«31 мамыр күні Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел күтіледі, түнде оның жылдамдыңы кей жерлерде 15-20 м/с дейін, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с.
Астанада 31 мамыр күні оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с», - делінген хабарламада.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.