ЕСКЕРТУ: Астанада күн суытады
19:48, 31 Мамыр 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 112 ақпарттық желісі Астана және Ақмола облысында күн суытатынын ескертті.
Синоптиктер ақпаратына сәйкес, Ақмола облысында 1-2 маусымда түнде ауа райы 1-3 градусқа дейін суытады. Астанада 1-2 маусымда түнде -2 градусқа дейін суық болады.