Ескерту: Батыс Қазақстан облысында күшті жел тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«10 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында солтүстік шығыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді»,-делінген хабарламада.

Оралда 10 тамыз күні күндіз солтүстік шығыстан жел соғып, екпіні секундына 18 метр болады.