Ескерту: Батыс Қазақстанда алдағы үш күнде қатты жел тұрады

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында алдағы күндері жел күшеймек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 29 мамыр күні кей жерлерде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

30-31 мамыр күндері де осындай ауа райы сақталып, жел солтүстік-батыстан, батыстан соқпақ.

Орал қаласында желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі ықтимал.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, өңірде сақтық шаралары алынуда.

Еске сала кетейік, БҚО-да кеше де ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.