ЕСКЕРТУ: Еліміздің батыс өңірінде күн 43 градусқа дейін ысиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін-ертең еліміздің бірқатар өңірлерінде аптап ыстық болады деп ескертеді Қагиздромет.

«5-7 шілде күндері Маңғыстау облысында ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі. 6-7 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында күн 40 градусқа дейін ысиды», - делінген ҚР ТЖМ-нің ақпараттық порталында.