Министрліктің Автомобиль жолдары комитетінің «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, аталған өңірлерде жаңын, қар жауып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ, ауа температурасы күрт төмендеп, секундына 23-28 метр жылдамдықпен бұрқасын соғады деп болжанады.
«Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай болса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар»,- делінген хабарламада.