Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында 22-23 қаңтарда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 22-24 қаңтарда қар жауып, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/сек. жетеді.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 24 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында қарлы жаңбыр жауып, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/сек. жетеді. 24-27 қаңтарда ауаның температурасы түнде кей аймақтарда -3-8, кей жерлерде -15-20 градустан -23-28 градусқа дейін төмендейді. 24-26 қаңтар күндері Қызылорда облысында ауаның температурасы түнде -17-22, кей жерлерде ауа тепмературасы -25-30 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.