ЕСКЕРТУ: «Қазсу шаруашылығы» Шерубай Нұра су қоймасынан су босатады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазсу шаруашылығы» РМК-ның Қарағанды филиалының хабарлауынша 2016 жылы 5 сәуірде сағат 7:00 Шерубай Нұра су қоймасынан су жіберілетіні жайлы ескертті.

Жартас су қоймасы арқылы өткізілетін су шығыны секундына 44 текше метрге жетеді.

Осыған байланысты барлық тұрғындарды төмендегі қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды:

- Өзен маңындағы және су қоймалары жанындағы саяжайларға бармау;
- Өзендер, арналар, терең және үлкен арықтардың үстіндегі құбырлар мен көпірлер арқылы өтпеу;

- Жартылай аралдарға кірмеу;

- өзендер, каналдар және өзге де су қоймалары арқылы белгіленбеген жерлермен өтпеу;

- Балаларға өзендердің,  қазаншұңқырлардың, терең арықтардың маңында ойнауына тыйым салу;

- Балықшыларға балық аулау кәсібін уақытша тыю.