Ескі «Запорожец» 100 мың еуро тұратын «Поршені» соғып кетті

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Молдованың Дурлешты (Кишинев маңында) қаласында  «Запорожец» маркалы көлігі Porsche Panamera маркалы көлікке соғылып қалды. Бұл туралы Publika.md. хабарлайды. Жүргізушілер зардап шеккен жоқ.

"Запорожецтің" иесі өз кінәсін мойындапты. Оның айтуынша, «Порше» жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, тез тоқтаған кезде,  рулге ие бола алмай, оның артынан келіп соққан. «Өз кінәмды мойындаймын.  Келтірген шығынымды өтеймін», - дейді ол.

«Поршенің» иесі оқиғаны анекдоттағыдай болды деп отыр. «Енді не істейміз?! Қолымен жасағанын мойнымен көтерсін», - деді ол.

Артқы қанаты мен бампері майысқан «Поршені» жөндеу шамамен 5 мың еуро болады. Бұл сома «Запарежецтің» құнынан әлдеқайда көп екені де түсінікті. Ал 2012 жылы шыққан  Porsche Panamera кемінде 100 мың еуро тұрады.  https://ru.publika.md/link_633081.html