Костюмдермен жұмыс істеу үшін қазақстандық суретші, мүсінші Айдос Есмағамбетов шақыртылған. Ол Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың силикон мүсінін салып аты шыққан болатын. Осы табысынан кейін ол белгілі боксшы Геннадий Головкиннің мүсінін жасауды бастамақ болған. Оны мюзикл үшін шамалы уақытқа кейінге қалдыруға тура келген.
«Ер Төстік» сынды ауқымда алғаш рет шығып отыр. Бұндағы басты кейіпкерлер Таусоғар, Темір хан және Диюдің дулығалары. Образдың эскиздерін костюмерлер мен режиссерлер ойластырады. Ал мен эскизбен жұмыс істеймін. Бір дулығаны дайындауға шамамен бір күн кетеді. Таусоғар мен Темірханның дулығасы қарапайым спорт материалынан жасалды. Костюмдермен айналысып жатқаныма бір ай болып қалды», - деді ол.
Суретшіден басқа костюм тігумен бірнеше тігінші айналысуда. Бір костюмді тігуге үш күндей уақыт кетеді.