Әйелдер арасында 63 келідегі Есмигул Куюлова 3-орын үшін өткен белдесуде Өзбекстан спортшысы Маржона Нуруллаевамен жолығып, қосымша уақытта басым түсті.
Айта кетейік, отандасымыз 2023 жылы Ханчжоудағы Азиада да қола жүлде еншілеген болатын.
Бүгінгі жарыс күні әлі Әділет Алмат (81 келі) пен Ажар Асхат (70 келі) финалда күреседі.
Осыған дейін дзюдодан Алмат Әділет пен Ажар Асхат Азиаданың алтын жүлдесін сарапқа салатыны туралы жаздық.