АҚШ-тағы мексикалық залдардың бірінде EsNews журналисі Эли Секбах жастар мен егде жастағы жанкүйерлерден бокс туралы пікірлерін сұраған. Олардың барлығы GGG-дің тамаша стилін атап өткен.
Айта кетейік, «Канеломен» айқастың алдында өткен баспасөз мәслихатында көптеген мексикалықтар қатысты. Олар өздерінің отандасына емес, қазақстандық боксшыға жанкүйер болып келді.
Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста тең нәтижемен аяқталды.