Сайтта дауыс беруге қатысушылар мен сарапшылардың пікірінше, бос қалған орынды басуға үміткердің бірі - бірнеше нұсқа бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Геннадий Головкин.
«Геннадий Головкин. Ғаламшардағы ең мықты боксшылардың бірі де бірегейі. Жасы 34-те, рекорды 34-0 (31 КО). Ұзақ уақыт орта салмақ дәрежесінде үздік келеді, ол Сауль Альвареспен жекпе-жегін күтіп жүр. Өз дивизионын «тазалағаннан» кейін 168 фунтқа көтеріліп, үлкен қарсылас іздеуге шығуы мүмкін», - деп жазылған материалда.