«Меніңше, Головкиннің келесі қарсыласы - Деметриус Андраде. Ол чемпион әрі DAZN-мен келісімшартқа отырған», - дейді сарапшы.
Еске салайық, 5 қазанда қазақстандық былғары қолғап шебері украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақ санатында IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулын қайтарып алған болатын.