«Жылдың үздік жекпе-жегі» аталымына тең аяқталған Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) кездесуі қойылған болатын. Алайда, бұл аталымда Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) мен Владимир Кличконың (64-5, 53 КО) жекпе-жегі үздік деп танылды.
Жылдың үздік боксшысы атағына үміткерлердің тізімінде Головкиннің есімі жоқ. Есесіне сыйлықты оның бапкері Абель Санчес жеңіп алды. ESPN сарапшылары Санчестің жеңіліп көрмеген боксшы Геннадий Головкин мен Мурат Гассиевтің (25-0, 18 КО) жетістіктеріне зор үлес қосқанын айтты.