Бұл тізімге қазақстандық орта са л мақтағы боксшы Геннадий Головкин де енді. Көптеген сарапшылар мен жанкүйерлер джеб оның басты қаруы дейді.
39 жастағы қазақстандыққа келер болсақ, ол өзінің соңғы айқасын желтоқсанда өткізген болатын. Аталған жекпе-жекте Головкин жетінші раундта поляк Камил Шереметаны «мерзімінен бұрын жеңді». Геннадий мамырда шаршы алаңға қайта оралып, мексикалық Хайме Мунгиямен кездесуі керек еді. Алайда бұл айқас болмайды. Енді GGG-дің ықтимал қарсыласы – жапон боксшысы Риота Мурату.