Мақсат — жастар арасында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу.
— Сотталушы орындығында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі көлемде психотропты заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтаған 21 жастағы қала тұрғыны отырды — делінген прокуратура хабарламасында.
Сот үкімімен кінәлі тұлға 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Теріс салдардың алдын алу мақсатында Астана қаласының прокуратурасы есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу — мүлкі тәркіленіп 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын ескертеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да есірткі өндірумен айналысқан екі Латвия азаматына сот үкімі кесілгенін жазған едік.