Жамбыл облысы мен Алматы арасындағы есірткі арнасы тоқтатылды
12:39, 28 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – ҰҚК Жамбыл облысы және Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
Сот санкциясымен Қазақстан азаматы ұсталып, қамауға алынды. Одан 13 кг психотроптық «мефедрон» тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікті Ресейден экстрадицияланғанын жазған болатынбыз.