Тілге келген Муамбаның әкесінен алдымен сұрағаны, ойынның қандай есеппен аяқталғаны болған, деп жазды The Daily Mirror. «Біз жеңілдік пе?», -деп сұрады футболшы.
Әкесі оның есінен тануына байланысты ойынның тоқтатылғаны жайлы айтты.
Муамба 2 күн бойы ессіз күйде болған. Естеріңізге сала кетейік, ол 17 наурызда кешкі уақытта болған ойынның барысында есінен танып қалған еді. Муамба есеп 1:1 болып тұрған кезде, ойынның 43-ші минутында есінен танып, құлап түсті.