АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан ерлер командасы 4х100 метрге жүзуден аралас эстафетада финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада Қазақстан ерлер командасы 4х100 метрге жүзуден аралас эстафетада іріктеу кезеңін үшінші болып аяқтады.
Эстафетада Қазақстан намысын Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай және Александр Варакин қорғауда.
Қазақстан өз тобында 3:38.57 уақыт көрсеткішімен екінші орын иеленсе, жалпы есепте Жапония мен Қытай командаларынан кейінгі үшінші орынға жайғасып, финалдық кезеңге өтті.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.