Эстония 2026 жылы көшуге ең қолайлы ел деп танылды

АСТАНА.KAZINFORM - Эстония 2026 жылы көшуге ең қолайлы елдердің рейтингінде көш бастады. Сингапур мен Малайзия да алғашқы үштікке енді, деп хабарлайды DW .

Фото: Pixabay

Rumavi Global Relocation Index 2026 рейтингі өмір сүру сапасы, қауіпсіздік, денсаулық сақтауға қолжетімділік, экономикалық мүмкіндіктер және қаржылық перспективалар сияқты 24 критерий бойынша құрастырылды.

Алғашқы ондыққа мына елдер кірді:

Эстония;

Сингапур;

Малайзия;

Португалия;

Тайвань;

Литва;

Гонконг;

Сент-Китс және Невис;

Чехия;

Мальта.

Еуропаның ірі елдері рейтингісі айтарлықтай төмен болды: Испания 21-ші, Германия 50-ші, Ұлыбритания 49-шы және Франция 79-шы орында. Алайда, рейтинг бұл елдерде тұратын мигранттардың нақты санын көрсетпейді.

БҰҰ-ның 2024 жылғы мәліметі бойынша, халықаралық мигранттардың ең көбі АҚШ-та - шамамен 52,4 миллион. Одан кейін Германия (16,8 миллион), Сауд Арабиясы (13,7 миллион), Ұлыбритания (11,8 миллион), Франция (9,2 миллион), Испания (8,9 миллион), Канада (8,8 миллион) және БАӘ (8,2 миллион) келеді.

Rumavi - шетелде көшу, инвестиция салу және өмір сүруге маманданған компания. Оның 2026 жылғы Global Relocation Index 192 елді қамтиды.

Бұған дейін Remitly құрастырған көшу бағыттарының тағы бір рейтингі жарияланған болатын. Онда Қазақстан 82 елдің ішінде 53-ші орынды иеленсе, Швейцария, Исландия, Люксембург, Аустралия және Германия алғашқы бестікті аяқтады.

Қазақстан мен Эстония агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын кеңейтетіні туралы бұған дейін хабарлағанбыз.