Эстония астанасындағы «Қараңғы түндер» халықаралық кинофестиваліне 260 туынды ұсынылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14-30 қараша аралығында Эстонияда «Қараңғы түндер» 18-ші халықаралық кинофестивалі өтуде, деп хабарлады РИА Новости.

FIAPF халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы Таллиннің «Қараңғы түндер» кинофестивалінің 2014 жылдан бастап тақырыптық және географиялық шектеулерсіз конкурстық бағдарламаны құру құқығына ие шаралар қатарына кіретінін растады. Көрермендер назарына 260-қа жуық толықметражды көркем және деректі фильмдер, сонымен бірге қысқаметражды және анимациялық фильмдер ұсынылуда. Фестиваль басты үш конкурстық бағдарламалардан: халықаралық, Балтық елдері мен Tridens Солтүстік елдерінің дебюттік фильмдері мен Солтүстік Америка фильмдері бағдарламаларынан тұрады. Сонымен бірге көпшілік назарына деректі фильмдер, балалар мен жастар фильмдері, қысқаметражды туындылар және ретроспективалар ұсынылады. Конкурсқа қатысатын барлық шығармаларды құрамында Марк Акселрод (АҚШ), Кати Оутинен (Финляндия), Андрей Прошкин (Ресей), Элина Рейнолд (Эстония), Бенсон Тайлор (Ұлыбритания) және Томас Васиельевский (Польша) сынды кино саласының білгірлері бар халықаралық қазылар алқасы бағалайды.