Ұрлықтан кейін иесі полицияға ұрланған велосипедтің рамасының нөмірін хабарлаған, алайда ол табылмаған.
14 жылдан кейін велосипед Латвиямен Эстония шекарасында орналасқан Валга қаласынан табылды.
«Әйел велосипедтің табылғанына қатты таңғалды. Отбасы жаңасын сатып алуды жоспарлап жатқан және ұзақ уақыттан бері алғаш рет жоғалған велосипед туралы сөз қозғаған. Олар тіпті жаңасын алып қажеті жоқ шығар, бұрынғы велосипед табылып қалар деп те әзілдеген. Оларды келесі күні полициядан түскен велосипедтің табылғаны туралы жаңалық таңқалдырған», -деді полиция өкілі Марек Кяйс.
Бұл Эстония полициясының жоғалған велосипедті ұзақ жылдардан соң тапқан екінші жағдай. 2017 жылдың сәуірінде Postimees порталы 2003 жылы жоғалған велосипедтің Сааремаа аралынан табылғаны туралы хабаралған.