Эстония премьер-министрі Еуроодақ дипломатиясын басқару үшін отставкаға кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Эстония премьер-министрі Кая Каллас Еуроодақ дипломатиясын басқару үшін отставкаға кетті, деп хабарлайды ВВС.
Президент Алар Карис дүйсенбі күні таңертең Калласпен кездесті. Ол оған жұмыстан кету туралы өтінішін берді.
«Менің ойымша, бұл үйден кеткенде бәрі мұңаяды. Бұл өте қиын жұмыс, бірақ сонымен бірге өте қызықты, сондықтан мен оны сағынамын, бірақ қазір жаңа міндеттер бар», - деді премьер-министр Delfi басылымына соңғы баспасөз мәслихатынан кейін.
Маусым айының соңында Еуроодақ көшбасшылары алдағы бес жылға блок басшылығына үміткерлерді бекітті. Кая Каллас Жозеп Боррельдің орнына ЕО-ның сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілі болады, ал Урсула фон дер Ляйен Еурокомиссияның төрайымы болып қалады. Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Кошта Шарль Мишельді Еуропалық кеңестің басшысы ретінде ауыстырады.