Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Еуропалық одақтың өңірдегі ең маңызды серіктесі болып саналады. Біз таяу болашақта ынтымақтастығымыз бұрынғыдан да беки түсетіні үшін қуаныштымыз. Сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге үміттіміз, бұл біздің қарым-қатынастарымызды әрі қарай ілгерілетіп, тереңдетуге септігін тигізетін болады», - делінген жеделхатта.