«Эстония президентінің кеңсесі 8 қаңтар күні белгісіз алаяқтың Эстония президентінің қызметтік банк картасын бұзып, Ross Stores америкалық дүкенінде 2,8 мың еуро көлемінде заттар сатып алғаны туралы ақпарат алған», - деп жазылады Postimees хабарламасында ERR эстондық телеарнасының Pealtnagija журналистік зерттеу бағдарламасына сілтеме жасалып.
Басылымның дерегіне сүйенсек, президент кеңсесі жағдайды уақытылы қолға алып, карта иесінің Эстонияда болғандығын дәлелдеген. Операция жойылып, алынған қаржы қайтарылды, деп жазады ria.ru.