Эстония БАҚ-тары жазғандай, бұл сома ұтысқа ойнатылған джек-поттың тек жартысы ғана: ұтыстың екінші бөлігі Норвегияға жіберіледі. Осыған дейін өткен жылдың наурызында Viking Lotto лотереясында ойнатылған ұтыстың рекордтық сомасы 733,8 мың евро болған.
Жүлделі билет Ғаламтор арқылы сатып алынған болатын. Лотерея жеңімпазы ұтыс туралы білгенге дейін шетелге жұмыс істеуге жиналып жатқан болатын. Енді отбасы Эстониядан шетелге тек саяхатқа ғана шықпақшы. Ұтып алған ақшаға жалдамалы пәтерде тұрып жатқан отбасы өзіне тиесілі баспана сатып алмақшы.