Эстонияда қаланың орталық алаңына шыныдан жасалған шырша қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияның солтүстігіндегі Раквердің орталық алаңына көздің жауын алатын түрлі түске боялған шыны шырша қойылды, деп хабарлады 24.kz.

Биіктігі 12 метр болатын шыршаны әзірлеуге 120 ескі әйнек қолданылыпты. Әртүрлі жарық шашып тұрған шыршаның көздерінде қиялдағы ғажайып пәтерлер бейнеленеді деп отыр ұйымдастырушылар. Жаңа үлгіде жасалған экологиялық таза шырша жергілікті халықтың көңілінен шығып отыр.

«Егер халыққа осындай заттар ұнайтын болса, неге жасамасқа? Қиялға ерік беруіміз керек. Жалпы мұнда шыршаның қалай бейнеленгені емес, оны халықтың қалай қабылдағаны маңызды», - дейді Раквер тұрғыны Эгон Кальвет.