Эстонияда оба вирусы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияның Пуурмани Йыгеваский аймағында афиркалық оба вирусы анықталды.

8 тамызда аталған дерт 6 426 доңыз бағылатын фермада анықталды. Жануарлардың бәрінің көзі жойылып, ғимарат зарарсыздандырылады, 3 шақырымға дейінгі аумақта карантиндік жағдай енгізіледі.

Африкалық оба вирусы адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейді, алайда мал шаруашылығына тигізер зардабы көп, деп хабарлайды Интерфакс.

Еске салайық, Эстонияда бұдан бұрын осындай оқиған тіркелген.