Эстонияда парламент сайлауы өтіп жатыр

ТАЛЛИН. ҚазАқпарат – Эстонияда бүгін парламент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, премьер Кая Калластың билеуші реформалар партиясында сайлаушылар дауысының 28%-ын алуға үміт бар. Эстония консервативтік халықтық партиясының оңшыл популистері оған басты қарсылас болып тұр, олардың үміті – 18%.

Айта кетсек, Қазақстан мен Эстония көлік және көлік-транзитінің әлеуетін арттыру, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы әріптестік байланысты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткен болатын.